Автор: cnlf_admin

Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин көлеңкелі экономиканың үлесін азайту бойынша тиісті органдарға тапсырмалар берді. Қаржы министрлігі және басқа да өңірдегі органдарға талдау жүргізіп, заңсыз валюталық экспорттық-иипорттық операцияларды жою жөніндегі ұсыныстарды енгізуді тапсырамын. Бұл жұмыстарға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы атсалысуы қажет. Екіншіден, қаржы министрлігі қызметтерді цифрландырудың, ақпараттық желілердің интеграциясын және Қазақстан аумағында тауарлардың бақылауын жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруы керек. Сондай-ақ төлемдер мен төлем жүйелері бойынша қолданыстағы заңнамаға электрондық ақша иелерін міндетті түрде анықтауға бағытталған өзгертулер мен толықтырулар енгізуге тиіс, — деді Асқар Мамин. Ол осы ретте бизнесті ашық жүргізуге, көлеңкелі экономиканың үлесін төмендету бойынша жұмыстарды жетілдіру керектігін айтты. Үшіншіден, бизнестің көлеңкеден…

Read More

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде өткізілген кеңес барысында айтты. Биылғы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында мемлекеттік комиссияға екі күн мерзімде осы жылдың наурыз-мамыр айларындағы қолданыста болған қатаң карантин енгізу мәселесі бойынша ұсыныс әзірлеп, енгізуді тапсырамын, — деді Мемлекет басшысы. Президент қазақстандықтарды үрейге бой алдырмауға шақырды. Иә, бұл қауіпті ауру, оны емдеу үшін вакцина жоқ. Бірақ бұл жағдайда үрейге, оның үстіне, құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуге, дәрігерлерді балағаттауға және санитарлық режимді бұзбаған жөн. Науқастар алаңдаушылық пен пессимизмге түспеуі керек. Емделумен қатар, адамның жақсы физикалық және рухани жағдайы оның тез емделуіне ықпал етеді. Денсаулық сақтау министрлігі мен санитарлық дәрігерлердің…

Read More

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзін жариялады. Құрметті әріптестер! Қазіргі коронавирус дағдарысы бүкіл әлемді дүрліктіріп отыр. Бір де бір ел  жаппай етек алған мұндай қолайсыз жағдайға толық дайын болмай шықты. Біз дер кезінде жарияланған қатаң карантин шаралары уақыттАн ұтуға,  эпидемияны қатты өршітіп алмауға мүмкіндік берді. Өкінішке қарай, төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан кейін елімізде індет қайтадан белең алып кетті. Биылғы 11 мамырда шектеулер жойылғаннан кейін вирустың таралуы 7 есе өсті. Бұл көп жағдайда бірқатар мемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшіліктерге байланысты болып отыр. Мемлекеттік басқару жүйесінің орталық және жергілікті органдары төтенше жағдай режимі тоқтағаннан кейінгі кезеңде тиімді жұмыс істеуге дайын болмағанын көріп отырмыз. Ведомствоаралық…

Read More

Елімізде коронавирус індетінен тағы 5 науқас көз жұмды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты. Шымкент қаласы — 1969 жылы туған ер адам, Қарағанды облысы — 1949 жылы дүниеге келген әйел адам, Батыс-Қазақстан облысы — 1938 жылы туған әйел адам, 1981 және 1963 жылдары туған ер азаматтар. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады. Қазақстан бойынша барлығы 188 адам қайтыс болды. Нұр-Сұлтан қаласы – 61 Алматы қаласы – 26 Шымкент қаласы – 15 Ақмола облысы – 14 Ақтөбе облысы – 4 Алматы облысы – 1 Атырау облысы – 6 Шығыс Қазақстан облысы – 4 Жамбыл облысы – 1…

Read More

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Жылыой ауданының активіне жаңа басшыны таныстырды.  Президент Әкімшілігінің келісімімен,  аудандық мәслихаттың  және менің шешімім бойынша Жылыой ауданының әкімі болып Жамалов Хәлел Жамалұлы тағайындалды, — деді Махамбет Досмұхамбетов. Облыс әкімі  Жылыой ауданының бұрынғы әкімі Азамат Бекетке атқарған  жұмыстары үшін алғысын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.  Сондай-ақ, Махамбет Досмұхамбетов ауданның жаңа әкімінің алдына аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту бойынша бірқатар маңызды міндеттер жүктеді. Нақтырақ айтқанда, аймақ басшысы  аудандағы жұмыспен қамту, тұрғын үй, сумен қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандар салу, қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне баса назар аудару керектігін жеткізді. Жамалов Халел Жамалұлы — 1962 жылы 15 тамызда Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев індеттің кең таралуына байланысты тұрғындардан арыз-шағым көп түсіп жатқанын жеткізді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады. www.coronavirus2020.kz сайтына қырық мыңға жуық сұрақ келіп түсті. Қазіргі таңда оның үштен біріне ғана жауап берілді. Мұндай қарым-қатынастың нәтижесінде теріс әрі жалған ақпараттар өршіп тұр. Бұл біздің жұмысымызды одан сайын қиындатуда. Ақпараттық жұмыстарға қатысты тәсілді түбегейлі өзгерту керек. Телеарналардан, тікелей эфир арқылы дәрігерлерден кеңес алып, сұрақтарына жауап алатын күнделікті бағдарламаларды ұйымдастыруға неге болмайды? Азаматтарға емдеудің протоколын, алгоритмін жеткізу керек. Дәрі-дәрмектер, оны пайдалану жөнінде түсініктеме беру қажет, – деді Президент. Бұған дейін Мемлекет басшысы бірнеше әкімге сөгіс жариялаған болатын.

Read More

Олимпиада ойындарының жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев коронавирус жұқтырды. Қазір ол Талдықорғандағы облыстық ауруханада ем алып жатыр. «Иә, алынған сынама оң нәтиже көрсетті. Пневмония диагнозын қойды. Ауруханада емделіп жатқаныма бір апта болды. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Алғашқы күндері қиын болды: дене қызуым көтеріліп, қатты жөтелдім. Жедел жәрдем шақырдым. Дәрігерлер жақсы көмектесуде. Қазір көбі коронавируспен ауырып жатыр. Көз жұмғандар да бар. Сондықтан емделіп, денсаулықты күту керек», — деді Нұрбақыт Теңізбаев. Нұрбақыт Молдахметұлы 1983 жылы 10 сәуірде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. Грек-рим күресінен Азияның бірнеше дүркін чемпионы, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2009 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше әкімге сөгіс жариялады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында. Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған бірқатар шенеуніктің жұмысын сынға алды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалинге, Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақовқа және Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Е.Тоғжановқа сөгіс жариялады, — делінген хабарламада. Ал Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновке, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевқа, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиевке ескерту жасады. Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне өңірлердегі ахуалды реттеу қажеттігін ескертті. Аталған мәселе…

Read More

Димаш Құдайберген «Leading 2020 Sina Entertainment festival» рейтингінде үздік шетел артисі деп танылды. 7 және 28 маусым аралығында Қытайдың танымал Sina платформасында «Leading 2020 Sina Entertainment festival» жобасының қатысушыларына дауыс беру рәсімі өтті. Ұйымдастырушылар — Sina News және Sina Entertainment. 21 күнге созылған дауыс беру қорытындысы бойынша Димаш 1 млн 404 мың 488 дауыс жинап, «Ең үздік танымал шетел артисі» номинациясын жеңіп алды. Sina (қытай тілінде: 新浪; pinyin: Xīn Làng) – қытайлық интернет-компания. Ол дүниежүзіне қолжетімді хабар алмасу платформасын ұсынып отыр. Компанияның 4 негізгі қызмет бағыты бар: олар Sina Weibo, Sina Mobile, Sina Online және Sinanet. Sina-ның әлем бойынша 100…

Read More

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) COVID-19 індетінің әсерімен күресуге көмектесу үшін конфедерациялар мен ұлттық футбол федерацияларына 1,5 миллион доллар көлемінде көмек көрсету жоспарын дайындағанын мәлімдеді. Әлемдік футболдың басқарушы органы ұлттық федерацияларға қаржы шығындарын жабу үшін бірқатар гранттар мен пайызсыз қарыздар беру үшін өз резервтерін пайдаланады. Әрбір ұлттық қауымдастыққа 1 миллион доллар көлемінде әмбебап ынтымақтастық гранты беріледі. Әйелдер футболына көмек көрсетуге қосымша 500 мың доллар бөлінеді. Алты Конфедерацияның әрқайсысы 2 миллион доллар көлемінде грант алады. Қауымдастықтар мен Конфедерациялар сондай-ақ жылдық түсімнің 35% аспайтын сомаға пайызсыз қарыз алуға өтінім бере алады.

Read More