Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен бейнеконференция байланысы режимінде Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа банк акционерлерінің өкілетті өкілдері: Армениядан қаржы министрінің орынбасары Армен Айрапетян, Беларусьтен қаржы министрі Юрий Селиверстов және экономика министрі Д. Крутой, Қырғызстаннан қаржы министрі Бақтыгүл Жеенбаева, Ресейден қаржы министрі Антон Силуанов, Тәжікстаннан қаржы министрі Файзиддин Каххорзода қатысты. Отырысты ашқан Асқар Мамин жақында ЕАДБ басқарма төрағасы қызметінен кеткен Андрей Бельяниновқа нәтижелі жұмысы үшін алғыс айтып, жаңадан тағайындалған Банк басшысы Николай Подгузовқа табыс тіледі. Отырыс барысында Кеңес ЕАДБ Цифрлық бастамалар қоры туралы ережені бекітті. Жаңа Қордың мақсаты — Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібінің негізгі…
Автор: cnlf_admin
Қазақстанда үш жолаушылар пойызының жүруі уақытша тоқтатылады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ Тальго вагондарынан құралған келесі коммерциялық жолаушылар пойыздарының уақытша тоқтайтынын хабарлады: 1) № 19/20 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол — Атырау» 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол бағытында, 2020 жылдың 2 шілдесінен бастап Атырау бағытында; 2) № 95/96 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол — Орал» 2020 жылдың 2 шілдесінен бастап Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол бағытында, 2020 жылдың 3 шілдесінен бастап Орал бағытында; 3) № 701/702 «Алматы-2 — Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап Алматы-2 бағытында, 2020 жылдың 2 шілдесінен бастап Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол бағытында. Аталған бағыттарда билет алған азаматтар теміржол билеттерін қайта өткізіп, ақшаларын толық көлемде ала алады.…
Қазақстанда 1 шілдеден бастап электр энергиясы тарифі қайта қаралады. Бұл туралы ҚР ЭМ электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев айтты. Оның айтуынша, энергия өндірушілерден тәуелсіз шығындардың ұлғаюын ескере отырып, Қазақстанның 44 энергия өндіруші ұйымының 35-і биылғы жылдың сәуір айында топтар бойынша шекті тарифтерді түзетуге өтінім берген. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және сараптама ұйымдарымен талқылау қорытындысы бойынша Энергетика министрінің 2020 жылғы 29 маусымдағы бұйрығымен электр энергиясының тарифтеріне түзетулер енгізілді. Бұйрыққа сәйкес 2020 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан бойынша энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерінің орташа өсуі 16% деңгейінде болжануда. Электр энергиясына шекті тарифтерді қайта қарау 44 энергия өндіруші ұйымның өндірістік қызметкерлерінің…
Қазақстанның кәсіби футбол лигасы (PFLK) Премьер-лиганың үшінші турындағы барлық матчтардың кестесін жариялады. Барлық матчтар 1 шілдеде өтеді. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-де: «Тобыл» — «Каспий», «Қайрат» — «Жетісу» және «Қызыл Жар» — «Оқжетпес» кездесулері басталады. Сағат 20:00-де «Ордабасы» — «Шахтер» және «Қайсар» — «Тараз» матчтары өтеді. Үшінші турға «Астана» қатыспайды. «Ертіс» командасы маусымды жалғастырудан бас тартқаннан кейін чемпионатта командалар саны тақ болып қалды.
Қазақстанда жұмыссыз жастар саны 3,8 пайызға азайды. Мұндай мәліметті Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жария етті. ⠀ Ақпаратқа сәйкес, жыл басынан бері екі қолға бір күрек таппай жүрген 78,9 мың жас азамат (15–28 аралығындағы) тіркелген. Бұл – елдегі жалпы жұмыссыздардың 17,8 пайызы. ⠀ Олардың көбі мына өңірлерде шоғырланған: ⠀ Алматы қаласы — 15,7 мың, Алматы облысы — 7,7 мың, Түркістан облысы — 6,4 мың. ⠀ Ал жұмыстан қысқартулардың басым бөлігі Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында тіркелген.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев палатаның жалпы отырысында өткен сессиядағы жұмысын қорытындылады. Бұл кезең еліміз үшін оңай болған жоқ. Бүкіл әлеммен бірге біз де жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет келдік. Осындай сәтте президентіміздің басшылығымен ел экономикасын қалпына келтіруге, халықтың әл-ауқатын түзетуге бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Сол бастамаларды және еліміздің стратегиялық саясатын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге ҚР Сенаты да өзінің сомды үлесін қосты, — деді Мәулен Әшімбаев. Сенат отырысында Қазақстан Республикасы президентінің ұсынымы бойынша Назгүл Рахметуллина мен Аслан Төкеев Жоғарғы соттың судьясы қызметіне сайланды. Жаңадан сайланған судьялар ант берді. Сондай-ақ, жалпы отырыста Мәжілістен келген заң жобалары қабылданды. Олардың арасында — «ҚР кейбір заңнамалық…
Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин көлеңкелі экономиканың үлесін азайту бойынша тиісті органдарға тапсырмалар берді. Қаржы министрлігі және басқа да өңірдегі органдарға талдау жүргізіп, заңсыз валюталық экспорттық-иипорттық операцияларды жою жөніндегі ұсыныстарды енгізуді тапсырамын. Бұл жұмыстарға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы атсалысуы қажет. Екіншіден, қаржы министрлігі қызметтерді цифрландырудың, ақпараттық желілердің интеграциясын және Қазақстан аумағында тауарлардың бақылауын жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруы керек. Сондай-ақ төлемдер мен төлем жүйелері бойынша қолданыстағы заңнамаға электрондық ақша иелерін міндетті түрде анықтауға бағытталған өзгертулер мен толықтырулар енгізуге тиіс, — деді Асқар Мамин. Ол осы ретте бизнесті ашық жүргізуге, көлеңкелі экономиканың үлесін төмендету бойынша жұмыстарды жетілдіру керектігін айтты. Үшіншіден, бизнестің көлеңкеден…
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде өткізілген кеңес барысында айтты. Биылғы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында мемлекеттік комиссияға екі күн мерзімде осы жылдың наурыз-мамыр айларындағы қолданыста болған қатаң карантин енгізу мәселесі бойынша ұсыныс әзірлеп, енгізуді тапсырамын, — деді Мемлекет басшысы. Президент қазақстандықтарды үрейге бой алдырмауға шақырды. Иә, бұл қауіпті ауру, оны емдеу үшін вакцина жоқ. Бірақ бұл жағдайда үрейге, оның үстіне, құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуге, дәрігерлерді балағаттауға және санитарлық режимді бұзбаған жөн. Науқастар алаңдаушылық пен пессимизмге түспеуі керек. Емделумен қатар, адамның жақсы физикалық және рухани жағдайы оның тез емделуіне ықпал етеді. Денсаулық сақтау министрлігі мен санитарлық дәрігерлердің…
Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзін жариялады. Құрметті әріптестер! Қазіргі коронавирус дағдарысы бүкіл әлемді дүрліктіріп отыр. Бір де бір ел жаппай етек алған мұндай қолайсыз жағдайға толық дайын болмай шықты. Біз дер кезінде жарияланған қатаң карантин шаралары уақыттАн ұтуға, эпидемияны қатты өршітіп алмауға мүмкіндік берді. Өкінішке қарай, төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан кейін елімізде індет қайтадан белең алып кетті. Биылғы 11 мамырда шектеулер жойылғаннан кейін вирустың таралуы 7 есе өсті. Бұл көп жағдайда бірқатар мемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшіліктерге байланысты болып отыр. Мемлекеттік басқару жүйесінің орталық және жергілікті органдары төтенше жағдай режимі тоқтағаннан кейінгі кезеңде тиімді жұмыс істеуге дайын болмағанын көріп отырмыз. Ведомствоаралық…
Елімізде коронавирус індетінен тағы 5 науқас көз жұмды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты. Шымкент қаласы — 1969 жылы туған ер адам, Қарағанды облысы — 1949 жылы дүниеге келген әйел адам, Батыс-Қазақстан облысы — 1938 жылы туған әйел адам, 1981 және 1963 жылдары туған ер азаматтар. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады. Қазақстан бойынша барлығы 188 адам қайтыс болды. Нұр-Сұлтан қаласы – 61 Алматы қаласы – 26 Шымкент қаласы – 15 Ақмола облысы – 14 Ақтөбе облысы – 4 Алматы облысы – 1 Атырау облысы – 6 Шығыс Қазақстан облысы – 4 Жамбыл облысы – 1…