Әлемге танымал Cirque du Soleil банкротқа ұшырағанын жариялады. Бұл туралы оның ресми сайтында жазылды.
⠀
Бас кеңсесі Канаданың Монреаль қаласында орналасқан цирк 1 млрд АҚШ долларынан асатын қарызын жаба алмаған. Өйткені, соңғы айларда коронавирус індетінің таралуына байланысты өнер ұжымының шоулары өтпеген. Сәйкесінше, ешқандай табыс та түспеген.
⠀
Цирк жабылып қалмау үшін қызметкерлердің 95%-ы, яғни, 3,5 мың адам жұмыстан босатылады. Қысқартылған жұмыскерлерді қолдау үшін 15 млн доллар бөлінбек. Бұл уақытша шара болады деп күтілуде. Шоулар мен гастрольдік сапарлар басталғаннан кейін олардың басым бөлігі қайта жұмысқа қабылданады деп жоспарланып отыр.