Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус індетін жұқтырды. Бұл туралы министр өзінің facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Достар, өздеріңізге жағымсыз жаңалық жеткізуіме тура келіп отыр. Коронавируске тапсырған соңғы тесттің нәтижесі нашар шықты, менен де ауру анықталды. Өкінішке қарай, мендегі симптомсыз форма емес, сондықтан жұқпалы аурулар ауруханасында жатырмын. Санитарлық шараларды қатаң сақтағаныма қарамастан, бұл індет мені де айналып өтпеді, — деді ол.
Министр бұл, әсіресе, қашықтан, үйде отырып жұмыс істей алмайтын қызметкерлерге қиын екенін айтты.
Соңғы күндері бірқатар өңірде, оның ішінде кәсіпкер, кәсіпорын, медицина мамандары, мемлекеттік БАҚ қызметкерлері арасынан індет жұқтырғандар қатары артуда. Қазақстандағы жаһандық дағдарыс пен пандемия салдарынан пайда болған проблемаларды шешу үшін қазір көптеген азамат қарқынды жұмыс істеуде. Бізге жиі жеке кездесулерге баруға, аймақтарға іссапарға шығуға тура келеді, мұндай жағдайда, әрине, COVID-19 жұқтыру қаупі де жоғары. Сондықтан барша қазақстандықтан «жеке карантин» ережелерін қатаң сақтауды сұраймын. Достар, аурудың алдын алу шараларына мұқият мән беріңіздер, — деді ол.
ТАҒЫ ДА ҚАЙТАЛАЙМЫН:
1. Жұмыста, көлікте, көшеде, дүкенде және т.б. жерлерде мүмкіндігінше арақашықтық сақтаңыз;
2. Егер сіз офис қызметкері болсаңыз, мүмкіндігінше үйден жұмыс істеуге тырысыңыз.
3.Туыс, достармен онлайн, видео-қоңырау және өзге де жаңа технологиялардың көмегімен байланыс орнатыңыз;
4. Қоғамдық орындарда маска киіп жүріңіз;
5. Қолды кем дегенде 20 секунд сайын сабынмен жиі жуып, санитайзермен сүртіңіз;
6. Өзіңіздің және отбасы мүшелерінің температурасын жиі өлшеп тұрыңыз.
Егер бойыңыздан мынадай симптомдарды байқасаңыз: әлсіздік, басыңыз, тамағыңыз ауырса, дене қызуыңыз көтерілсе — дереу дәрігерге хабарласыңыз!Абай болыңыздар! Баршаңызға зор денсаулық тілеймін, — деп жазды министр.
Фото: ашық дереккөз