Автор: cnlf_admin

Бүгін, 1-ші маусым — режиссерлер күні! ⠀ Осы мамандық иелерінің қажырлы еңбегінің арқасында дүниеге келетін кинотуындылар бізді рухани байытып, қайталанбас сезім сыйлайды. ⠀ Барлық қазақстандық режиссерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! ⠀ Көрермендерді өз жұмыстарыңызбен қуанта беріңіздер!

Read More

Әлемге танымал Cirque du Soleil банкротқа ұшырағанын жариялады. Бұл туралы оның ресми сайтында жазылды. ⠀ Бас кеңсесі Канаданың Монреаль қаласында орналасқан цирк 1 млрд АҚШ долларынан асатын қарызын жаба алмаған. Өйткені, соңғы айларда коронавирус індетінің таралуына байланысты өнер ұжымының шоулары өтпеген. Сәйкесінше, ешқандай табыс та түспеген. ⠀ Цирк жабылып қалмау үшін қызметкерлердің 95%-ы, яғни, 3,5 мың адам жұмыстан босатылады. Қысқартылған жұмыскерлерді қолдау үшін 15 млн доллар бөлінбек. Бұл уақытша шара болады деп күтілуде. Шоулар мен гастрольдік сапарлар басталғаннан кейін олардың басым бөлігі қайта жұмысқа қабылданады деп жоспарланып отыр.

Read More

Әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджері арқылы «ауа арқылы вирус шашады» деп жалған ақпарат таратқан Түркістан облысының тұрғыны ұсталып, жазаланды деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 1973 жылы туған әйел әлеуметтік желіге таратқан хабарламасында Сарыағаш ауданында түнгі екіде ауаға вирустың шашылатынын айтады. Сондай-ақ, ол вирустың негізінен кішкентай балаларға жұғатынын айтып, үш күн бойы далаға шықпауды қатаң ескерткен. Осы мазмұндағы аудиохабарлама және мәтіндік SMS бір күннен бері жергілікті тұрғындарды дүрліктіріп қойған. «Дәлел-дәйексіз, ел ішін дүрліктіретін ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша жауапқа тартылатынын да ескертеміз. Осы ақпаратты «WhatsАpp» желісіндегі топтарда таратқан Отырар ауданының 1973 жылы…

Read More

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен бейнеконференция байланысы режимінде Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа банк акционерлерінің өкілетті өкілдері: Армениядан қаржы министрінің орынбасары Армен Айрапетян, Беларусьтен қаржы министрі Юрий Селиверстов және экономика министрі Д. Крутой, Қырғызстаннан қаржы министрі Бақтыгүл Жеенбаева, Ресейден қаржы министрі Антон Силуанов, Тәжікстаннан қаржы министрі Файзиддин Каххорзода қатысты. Отырысты ашқан Асқар Мамин жақында ЕАДБ басқарма төрағасы қызметінен кеткен Андрей Бельяниновқа нәтижелі жұмысы үшін алғыс айтып, жаңадан тағайындалған Банк басшысы Николай Подгузовқа табыс тіледі. Отырыс барысында Кеңес ЕАДБ Цифрлық бастамалар қоры туралы ережені бекітті. Жаңа Қордың мақсаты — Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібінің негізгі…

Read More

Қазақстанда үш жолаушылар пойызының жүруі уақытша тоқтатылады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ Тальго вагондарынан құралған келесі коммерциялық жолаушылар пойыздарының уақытша тоқтайтынын хабарлады: 1)     № 19/20 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол — Атырау» 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол бағытында, 2020 жылдың 2 шілдесінен бастап Атырау бағытында; 2)     № 95/96 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол — Орал» 2020 жылдың 2 шілдесінен бастап Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол бағытында, 2020 жылдың 3 шілдесінен бастап Орал бағытында; 3)     № 701/702 «Алматы-2 — Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап Алматы-2 бағытында, 2020 жылдың 2 шілдесінен бастап Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол бағытында. Аталған бағыттарда билет алған азаматтар теміржол билеттерін қайта өткізіп, ақшаларын толық көлемде ала алады.…

Read More

Қазақстанда 1 шілдеден бастап электр энергиясы тарифі қайта қаралады. Бұл туралы ҚР ЭМ электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев айтты. Оның айтуынша, энергия өндірушілерден тәуелсіз шығындардың ұлғаюын ескере отырып, Қазақстанның 44 энергия өндіруші ұйымының 35-і биылғы жылдың сәуір айында топтар бойынша шекті тарифтерді түзетуге өтінім берген. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және сараптама ұйымдарымен талқылау қорытындысы бойынша Энергетика министрінің 2020 жылғы 29 маусымдағы бұйрығымен электр энергиясының тарифтеріне түзетулер енгізілді. Бұйрыққа сәйкес 2020 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан бойынша энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерінің орташа өсуі 16% деңгейінде болжануда. Электр энергиясына шекті тарифтерді қайта қарау 44 энергия өндіруші ұйымның өндірістік қызметкерлерінің…

Read More

Қазақстанның кәсіби футбол лигасы (PFLK) Премьер-лиганың үшінші турындағы барлық матчтардың кестесін жариялады. Барлық матчтар 1 шілдеде өтеді. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-де: «Тобыл» — «Каспий», «Қайрат» — «Жетісу» және «Қызыл Жар» — «Оқжетпес» кездесулері басталады. Сағат 20:00-де «Ордабасы» — «Шахтер» және «Қайсар» — «Тараз» матчтары өтеді. Үшінші турға «Астана» қатыспайды. «Ертіс» командасы маусымды жалғастырудан бас тартқаннан кейін чемпионатта командалар саны тақ болып қалды.

Read More

Қазақстанда жұмыссыз жастар саны 3,8 пайызға азайды. Мұндай мәліметті Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жария етті. ⠀ Ақпаратқа сәйкес, жыл басынан бері екі қолға бір күрек таппай жүрген 78,9 мың жас азамат (15–28 аралығындағы) тіркелген. Бұл – елдегі жалпы жұмыссыздардың 17,8 пайызы. ⠀ Олардың көбі мына өңірлерде шоғырланған: ⠀ Алматы қаласы — 15,7 мың, Алматы облысы — 7,7 мың, Түркістан облысы — 6,4 мың. ⠀ Ал жұмыстан қысқартулардың басым бөлігі Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында тіркелген.

Read More

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев палатаның жалпы отырысында өткен сессиядағы жұмысын қорытындылады. Бұл кезең еліміз үшін оңай болған жоқ. Бүкіл әлеммен бірге біз де жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет келдік. Осындай сәтте президентіміздің басшылығымен ел экономикасын қалпына келтіруге, халықтың әл-ауқатын түзетуге бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Сол бастамаларды және еліміздің стратегиялық саясатын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге ҚР Сенаты да өзінің сомды үлесін қосты, — деді Мәулен Әшімбаев. Сенат отырысында Қазақстан Республикасы президентінің ұсынымы бойынша Назгүл Рахметуллина мен Аслан Төкеев Жоғарғы соттың судьясы қызметіне сайланды. Жаңадан сайланған судьялар ант берді. Сондай-ақ, жалпы отырыста Мәжілістен келген заң жобалары қабылданды. Олардың арасында — «ҚР кейбір заңнамалық…

Read More

Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин көлеңкелі экономиканың үлесін азайту бойынша тиісті органдарға тапсырмалар берді. Қаржы министрлігі және басқа да өңірдегі органдарға талдау жүргізіп, заңсыз валюталық экспорттық-иипорттық операцияларды жою жөніндегі ұсыныстарды енгізуді тапсырамын. Бұл жұмыстарға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы атсалысуы қажет. Екіншіден, қаржы министрлігі қызметтерді цифрландырудың, ақпараттық желілердің интеграциясын және Қазақстан аумағында тауарлардың бақылауын жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруы керек. Сондай-ақ төлемдер мен төлем жүйелері бойынша қолданыстағы заңнамаға электрондық ақша иелерін міндетті түрде анықтауға бағытталған өзгертулер мен толықтырулар енгізуге тиіс, — деді Асқар Мамин. Ол осы ретте бизнесті ашық жүргізуге, көлеңкелі экономиканың үлесін төмендету бойынша жұмыстарды жетілдіру керектігін айтты. Үшіншіден, бизнестің көлеңкеден…

Read More