Қазақстанда жұмыссыз жастар саны 3,8 пайызға азайды. Мұндай мәліметті Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жария етті.
⠀
Ақпаратқа сәйкес, жыл басынан бері екі қолға бір күрек таппай жүрген 78,9 мың жас азамат (15–28 аралығындағы) тіркелген. Бұл – елдегі жалпы жұмыссыздардың 17,8 пайызы.
⠀
Олардың көбі мына өңірлерде шоғырланған:
⠀
Алматы қаласы — 15,7 мың,
Алматы облысы — 7,7 мың,
Түркістан облысы — 6,4 мың.
⠀
Ал жұмыстан қысқартулардың басым бөлігі Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында тіркелген.