Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин көлеңкелі экономиканың үлесін азайту бойынша тиісті органдарға тапсырмалар берді.
Қаржы министрлігі және басқа да өңірдегі органдарға талдау жүргізіп, заңсыз валюталық экспорттық-иипорттық операцияларды жою жөніндегі ұсыныстарды енгізуді тапсырамын. Бұл жұмыстарға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы атсалысуы қажет. Екіншіден, қаржы министрлігі қызметтерді цифрландырудың, ақпараттық желілердің интеграциясын және Қазақстан аумағында тауарлардың бақылауын жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруы керек. Сондай-ақ төлемдер мен төлем жүйелері бойынша қолданыстағы заңнамаға электрондық ақша иелерін міндетті түрде анықтауға бағытталған өзгертулер мен толықтырулар енгізуге тиіс, — деді Асқар Мамин.
Ол осы ретте бизнесті ашық жүргізуге, көлеңкелі экономиканың үлесін төмендету бойынша жұмыстарды жетілдіру керектігін айтты.
Үшіншіден, бизнестің көлеңкеден шығуын, экономикалық ынталандыру бойынша жұмысты жүргізуі қажет. Бұл мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіруге, артық талаптары қысқартуға, қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға, әкімшілік кедергілерді азайтуға, нақты салық салуға белгілеуге қатысты. Бизнесті ашық жүргізу — экономикалық тұрғыдан тиімді болуға тиіс, — дейді үкімет басшысы.